Қоғам

19 шілде еліміздің біраз өңірінде +40 градус ыстық күтілуде

Сенбі күні Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарында қатты ыстық болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Онтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 19-21 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде алдағы сағатта және күннің соңына дейін найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 18 шілдеде алдағы сағатта және күннің соңына дейін найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 19 шілдеде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 19 шілдеде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының найзағай, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 19 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 19 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыс бойынша найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 19 шілдеде түнде және таңертең қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сакталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 19 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 17-22 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 19 шілдеде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 19 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 19 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 19 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 19 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде Маңғыстау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыста 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 19 шілдеде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 19 шілдеде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қ.: 18 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.