Қоғам

Шымкентте камерундық футболшы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Өзін футболшы деп таныстырған шетел азаматы бірнеше жылға сотталып кетті.

Шымкентте өзін футболшымын деп таныстырған Камерун азаматы 8 жылға бас бостандығынан айырды. Оған Қазақстанда есірткі таратумен айналысты деген айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап.  

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, Мбала Бомба Роджер биыл наурыз айында Шымкентте ұсталған. Тінту кезінде одан бір жарым келі синтетикалық есірткі табылған. Тергеу дерегіне сәйкес, ол "синтетиканы" Telegram арналары арқылы таратқан.

Сот үкіміне қарамастан, 33 жастағы футболшы өзін кінәсіз деп санап, ақтауды сұрады. Оның айтуынша, ол Қазақстанға футбол ойнау үшін келген және есірткілердің өзінен қалай табылғанын түсінбейді.

"Мен – футболшымын, менің бар айналысқан ісім – футбол. Тіпті футбол ойнаған кезімде де әр матчтан кейін қанымызды тексеретін. Мен жаман адам емеспін, мұның қалай болғанын өзім де нақты білмеймін", – деді ол.

Сондай-ақ ол елде мерзімі өткен визамен жүргенін де мойындады.