Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттан секіріп кетті
Ақтауда жалаңаш ер адам биік ғимараттан өз-өзін тастап жіберді.
Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабат тұрғынүйдің шатырынан секіріп кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш оқиға 5-шағынаудандағы №22 үйде орын алған. Видео кадрларында полицейлер келіп, кранмен ер адамды құтқармақ болғанын байқауға болады. Алайда ол басқа бағытта өзін тастап жіберген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.