Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Илон Маск балаларға арналған чат-бот дайындағалы жатыр

Илон Маск балаларға арналған чат-бот дайындағалы жатыр
Сурет: Reuters
Илон Маск Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын жасамақ.

Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск xAI стартапы жасанды интеллектке негізделген Grok чат-ботының балаларға арналған нұсқасын жасайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтем жасап.

"Біз xAI аясында Baby Grok жасап жатырмыз. Бұл балаларға арналған (қауіпсіз) контентті ұсынатын қосымша болады", - деп жазды Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

SpaceX Масктың xAI стартапына 2 миллиард доллар инвестиция салмақ.

Айта кетейік, Илон Маск биыл ақпанда Grok 3 нұсқасын "Жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект" деп атаған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар