Қазақстанда коронавирус инфекциясының тағы 9 жағдайы анықталды
Елімізде короновирус жағдайы тіркелді.
Қазақстанда коронавирус инфекциясының 9 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтанда – 1, Қызылорда облысында – 4, Түркістан облысында – 1, Шымкентте – 3 жағдай анықталды.
«Бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 718 жағдай расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 223, Алматыда – 119, Қарағанды облысында – 55, Ақмола облысында – 43 жағдай. Атырау облысында – 36, Жамбыл облысында – 45, Шымкентте – 23, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Алматы облысында – 10, Ақтөбе облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 жағдай. Павлодар облысында – 1 жағдай, Маңғыстау облысында – 6, Қызылорда облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 34, Қостанай облысында – 3 жағдай», – делінген хабарламада.