Басты жаңалықтар

Вибрио бактериясы: Түркияда қауіпті ауру тарап жатыр

Түркияда демалып жүрген туристерді сақ болуға шақырды.

Түркияда демалуды жоспарлап отырсаңыз, абай болыңыз. Түрік мамандары туристерді Вибрио бактериясымен жұқтыру қаупі туралы ескертуде. Жақында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде Мәрмәр, Эгей және Жерорта теңіздерінің жағалауынан тырысқақ және осал вибриондарының ДНҚ-сы табылыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ғаламның жылынуына байланысты, бұл бактериялар енді тек жылы теңіздерде ғана емес, Солтүстік теңіз бен жабық жағажайларда да табылып жатыр. Вибрионың көбеюіне су температурасының жоғарылап, тұз деңгейінің төмендеуі себеп. Тырысқақ вибрионы ластанған теңіз суын байқамай жұтып қойған жағдайда асқазан-ішек жолына түсіп, ағзаны улауы мүмкін. Ал осал вибрио секілді түрлері теріге тигенде жұмсақ тінді зақымдап, кей жағдайда некроз секілді қауіпті инфекцияға әкеледі.

Вибрио бактериясы көбіне шикі теңіз өнімдері арқылы да жұғады. Ол іш ауыруы, құсу, диарея және қызу көтерілу сияқты белгілермен білінеді. Курортта өзіңізді нашар сезінсеңіз, дереу дәрігерге қаралу керек. Себебі иммунитеті әлсіз адамдарда бұл инфекциялар қанға өтіп, асқындырып жіберуі мүмкін.