Мәдениет

“Не болса да, жақсы сәттер көп болды”: Мөлдір Мұқанова жан жарасын көрсетті

Мөлдір Мұқанова ерлі-зайыптыға қатысты видео жариялады.

Тұрсынбектің әйелі продюсер Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында бейнеролик жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада ерлі-зайыптының қарым-қатынасын бейнелейді.

"Не болса да, жақсы сәттер көп болды. Көп рақмет саған. Бәрі шынайы болды. Бірақ мен бір нәрсені түсіндім:

Адал махаббат – сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Уәде емес, әрекет. Сезім емес, тұрақтылық", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары түрлі пікірлер жазуда. 

"Түгі жоқ кезде қасында болған адал жарына қиянат жасаған оңбас", "Сабыр түбі – сары алтын. Жақсы болсын бәрі", "Мөлдір хас сұлу ғой" деп жазды желі оқырмандары.