Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

37 миллион теңге – машина, 10 миллион теңге – қыдыру: сотта Перизат Қайраттың анасының телефонындағы жазбалар оқылды

37 миллион теңге – машина, 10 миллион теңге – қыдыру: сотта Перизат Қайраттың анасының телефонындағы жазбалар оқылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Перизат Қайратқа қатысты сот отырысында оның ақшаларды қайда жұмсағаны туралы ақпарат айтылды.

Перизат Қайрат ісі бойынша соттағы жарыссөз кезінде прокурор Арман Кезекен айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваның телефонындағы жазбаларды оқыды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жерде 2023 жылдың 16 тамызындағы кейбір жазбалар шықты. 

"37 миллион теңге - машина, 5 миллион теңге - тіс емдеу, 10 миллион теңге - Турцияға барып емделіп келу, 3 миллион теңге БАДы алып ішу, 10 миллион теңге - қыдыру, 3 миллион теңге - фэншуй, 1 миллион теңге - бадзы оқу, 2 миллион теңге - офлайн бару қыдыру және сол уақытта 3 миллион теңгеге киім алу, 3 миллион теңге білезік ақ алтын бриллиант", – деп оқыды Кезекен.

Прокурор Перизат Қайрат мұндай қымбат заттарды қандай ақшаға және қалай сатып алғанын ашып айта алмағанын жеткізді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар