«Сұрақтың астына алады»: бірінші рет декретке шыққалы жатқан Жұлдыз Әбдікәрімова әбігерге түскен
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова декретке шығу үшін құжаттарды жинаудан шаршаған.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет декретке шыққанын айтып, құжаттармен қалай әбігерге салынғаны туралы жазды, KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол декретке шығу үшін тиісті құжат жинап жүр.
"Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, оған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар – бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде "уақытша жұмысқа жарамсыз" деген бір жапырақ қағазды алғашқы рет қолыма алып тұрмын", – деп жазды ол.
Актриса декретке шығу үшін құжат тапсыру оңай болмағанын айтты.
"Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды "лупамен" қарап шығады. Сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы, сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің. Әйтеуір бәрін тапсырып, жер қопарып тастағандай отырған жайым бар енді", – деп әзілдеді актриса.