Қоғам

Қарағандыда құдықтан екі адамның өлі денесі табылды

Кәріз құдығын тазарту кезінде екі адам қаза тапты.

Қарағандыда құдықтан екі ер адам өлі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Федоровка ауданындағы жетінші кәріз-насос станциясында құдықтардың бірін тазарту кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабық кеңістікте метан газының әсерінен тұншығып қалған.

"Бұл факт расталады. "Қарағанды Су" ЖШС-нің екі қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапты", — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тарапынан тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Қарағанды Су" компаниясы әзірге ресми сараптама нәтижелерін күтудің қажет екенін айтып, егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты.