Қоғам

Маңғыстауда мектептің шатыры құлады: қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда мектептердің бірінде шатыр опырылып түсті.

Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шатыр құлағаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның шатыры құлаған.

Оқиғаны өңірлік төтенше жағдайлар департаменті растады. 23 шілдеде қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Бұл туралы облыс әкімдігі Facebook парақшасында жазды. 

“Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау немесе пайдалануға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазір мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынған.