Қоғам

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды

2025 жылдың тамыз айында еліміздің азаматтары үш күн демала алады.

Қазақстандықтар Конституция күніне орай тамыз айында үш күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түсіп тұр. Сол себепті қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Сөйтіп қазақстандықтар 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалады.

Жалпы алғанда, бұл жылдың тамыз айында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.