Ресейдегі ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты", - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, 24 шілде күні Ресейдің Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 48 адам (алтауы — экипаж мүшесі) болған. Алдын ала болжам бойынша, аман қалғандар жоқ.
112 telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, ұшақта 49 адам болуы керек болған. Алайда бір жолаушы Марина Авелян немересі ауырып қалған соң, ұшақтан қалып қойған.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Сот Қожамжаровтың туыстарының құны 2,6 миллиард теңге болатын мүлкін бұғаттады
- авторkyn.kz
- 6 желтоқсан, 2025
Саясат
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2025




