“42°С-ақ дейін аптап ыстық”: демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Алдағы демалыс күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағындағы бұлтты, ашық ауа күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Мәселен, Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Сондай-ақ демалыс күндері республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста 42°С-ақ дейін аптап ыстық сақталады.