Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Айыптар заңсыз және негізсіз”: Перизат Қайраттың адвокаты пікір білдірді

“Айыптар заңсыз және негізсіз”: Перизат Қайраттың адвокаты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден
Перизат Қайраттың адвокаты қорғаушысының өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізді.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты сот үкімі шыққаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қорғауындағы адамды кінәлі деп есептемейтінін жеткізді.

"Айыптар заңсыз және негізсіз. Жабық отырыста өз уәждерімді айттым. Жабық отырыс болғандықтан ештеңе айта алмаймын. Дәлелдер ұсынылмағандықтан, оны кінәлі деп санамаймын. Сонымен қатар, айыптау актісінде көрсетілген сома шамамен 3 миллиард теңге. Бірақ бұл іске жәбірленуші ретінде барлық қайырымдылық жасаушылар тартылмаған. 51 адам ғана арыз жазған. Мысалы, "Асар Уме" қоры 200 миллион теңге, Kaspi Bank – 620 миллион, Jusan Bank – 300 миллион теңге көлемінде талап қойды. Ал айыптауда көрсетілген қаржы талап-арыздар сомасынан да көп. Перизат өзіне тағылған айыппен келіспейді", – деді адвокат. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар