Қоғам
«Радардан жоғалды». :Жамбыл облысында әскерилер мінген тікұшақ табылмай жатыр
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2025
- 1.5k
Оның бортында үш экипаж мүшесі болған.
Жамбыл облысында әскерилер мінген тікұшақ радардан жоғалып кетіп, іздестіру операциясы басталды. Бүгін Луговое кентінен ұшып шыққан әуе кемесімен Отар маңында байланыс үзілген, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ЕС-145 тікұшағы қорғаныс министрлігіне тиесілі. Оның бортында үш экипаж мүшесі болған. Қазір ауқымды іздестіру басталып, тиісті күш құрылымдарынан 100-ден астам қызметкер тартылған. Сондай-ақ 15 техника мен 1 тікұшақ іздеу-құтқару жұмысына жұмылдырды. Анықталғандай, жоғалған тікұшақ еуропалық әуе компаниясынан 2011 жылы әкелінген. Азаматтық және әскери мақсаттағы тікұшақ қазір де кеңінен қолданылады.
Келесі мақала
Ұстаз Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына ұшырады
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қызылордада 95 жастағы ардагер мүгедектік ала алмай жүр
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025
Қоғам
Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




