Қоғам

Ұстаз Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына ұшырады

Қазірге уағызшының денсаулығына қатысты ақпарат жоқ.

Елімізге танымал дін маманы, уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол-көлік апатына ұшырады. Бұл туралы Mega Kz атты Фейсбук қолданушысы хабарлап, суретін жариялады. «Нұрсұлтан Рысмағамбет ұстаз жол-көлік апатына ұшырапты. Алла тағала тез сауығып кетуін нәсіп етсін, дұғада болайық» деп жазды ол. Әзірге ұстаздың қазіргі жағдайы туралы басқа ешқандай ресми мәлімет жоқ.