Қоғам
Алматы облысында тікұшақ құлады: экипаж мүшелерінің туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 шілде, 2025
- 2.5k

Апатқа ұшыраған тікұшақтың экипаж мүшелерінің туыстары олардың тірі екеніне сенеді.
25 шілде күні Алматы облысында жоғалып кеткен EC-145 әскери тікұшағының экипаж мүшелерінің туыстары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қорғаныс министріне және Төтенше жағдайлар министріне бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Олар жоғалған туыстарының тірі екеніне сенетінін және күтетінін жеткізді.
«Бұл жағдайға бейжай қарамауыңызды сұраймыз. Экипаж мүшелерін шаңырақтарында отбасылары күтіп отыр. Олар аман-есен табылады деген үміттеміз. Алғашқы тәуліктегі іздеу шаралары нәтижесіз болды. Ал нақты жұмыстар тек келесі күні, Сорбұлақ көлі маңында басталды», – делінген үндеуде.
Экипаж мүшелерінің жақындары үндеуде іздеу жұмыстарына өздерінің де кірісіп жатқанын мәлімдеді.