Қоғам

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшырады

UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырап, ауруханаға жеткізілді.

UFC шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Оқиға 27 шілде күні таңертең Ақсүйек ауылының маңында болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Криминальный Казахстан» Telegram каналында жарияланды..

«Гүлайым Рахмонова ұлымен және достарымен Қарағандыдан Алматыға Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша әйел тізгінге ие бола алмай қалғандықтан көлік аударылған», - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір 35 жастағы әйел Мойынқұм аудандық ауруханасына апара жатқанда қайтыс болды.

«Рахмонова мен оның 3 жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр», - деп жазды басылым.

Полиция трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.