Ақтаудағы демалыс орнында жалаңаш ер адам қыздар ұйықтап жатқан бөлмеге кіріп, сол жерде түнеп шыққан
8 және 10 жасар қыздардың бөлмесіне жалаңаш ер адам кіріп кеткен.
Ақтау маңындағы демалыс базаларының бірінде оқушы қыздардың бөлмесіне жалаңаш ер адам кіріп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
8 және 10 жасар екі қыз баланың бөлмесіне жалаңаш ер адам түнгі уақытта келген.
Куәгер әйелдің айтуынша, бұл базада Ақтау жүгіру клубының қатысушылары отбасыларымен бірге демалып жатқан. 26 шілде күні ересектер екі қызды кешке бөлек бөлмеге ұйықтатқан.
"Таңғы сағат 04:00 шамасында 10 жасар қызым айқайлап бөлмеден жүгіріп шықты. Көзінде үрей мен қорқыныш бар еді. Дауыс шыққан соң ер адамдар бөлмеге жүгіріп кірді. Сол кезде төсекте жалаңаш ер адам жатқан. Адамдарды көре сала ол да орнынан атып тұрып, терезеден секіріп кетті. Сол сәтте демалыс орнында оның артынан қуғын басталды. Біз дереу полиция шақырдық", – деді оқиға куәгерлері.
Кейін анықталғандай, күдікті демалыс базасына келген қонақтарды бірі болған.
"Сараптама қорытындысы бойынша, ол жеңіл дәрежеде мас болған. Бірақ сұрақ көп: ол балалардың бөлмесіне қалай кірді? Неге мүлде киімсіз болды? Полициядағылар бұл әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп отыр. Енді не, бұл адам еш жазасыз қала ма? Егер балаларға бұдан да ауыр жағдай болса ше? Бұл өз алдына – үлкен психологиялық жарақат", – деп наразылығын білдірді ата-аналар.
Қыздардың ата-аналары күдіктіні психотроптық заттар қолдануы мүмкін деп тексеруді және жауапкершілікке тартуды талап етті. Екі отбасы полицияға ресми арыз жазған.