Руслан Берденовты атып кетті: Шымкентте сот отырысы басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 шілде, 2025
- 243

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Берденов денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқандықтан, сотқа келмегені хабарланды. Оның құқығын қорғау үшін адвокаттары қатысып жатыр.
Бұған дейін оның жұбайы – Луиза Алданова Instagram парақшасында мәлімдеме жасаған болатын.БАҚ-тың жазуынша, басты күдікті Ернар Жиембай бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болған.
Айыпталушы өзін фото-видеоға түсіруге қарсы болды, судья оның өтінішін қанағаттандырды.
Еске салсақ, биылғы 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған болатын.
Елімізде мерзімді әскери қызметтің жаңа форматы қосылады
Ұқсас жаңалықтар
Руслан Желдібай мен Қуаныш Есекеев жаңа қызметке тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 қыркүйек, 2025