Қоғам

Шымкентте ет бағасын өсіріп жіберген 200-ден астам кәсіпкер жазаланды

Шымкентте ет бағасы 3200 теңгеден басталады.

Шымкентте жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын негізсіз өсірген 200-ден астам кәсіпкер жазаланды. Оның 15-і ет бағасын өсіргені үшін жазаға тартылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тұрғындарға етті әлеуметтік бағалар қолданылатын мамандандырылған сауда нүктелерінен сатып алуға кеңес беріледі. 

Бұл – қаланың әртүрлі бөліктеріндегі ірі сауда желілері мен шағын дүкендер. Сүйегі бар ет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне енгізілген, шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарт бойынша сауда орындарына жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, базарлардағы бағаның көтерілгенін басқарма мойындағанымен, Шымкентте ет тапшылығы жоқ. Өзіндік құнның өсуінің негізгі себептері – маусымдық ауытқулар, жемшөп құнының өсуі және логистика.

“Шымкентте 60-тан астам әлеуметтік сауда орындары бар, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де тұрақты бағада – келісі 3200 теңгеден 3300 теңгеге дейін сатылады. Өнім Түркістан облысындағы мал шаруашылықтарынан тікелей жеткізіледі”, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Талғат Мекембай.