«Бір реттік неке ұсынған»: Ақтөбеде мешітте бойжеткенге тиіскен ер адам қамауға алынды
Ақтөбеде мешітте ер адам бойжеткенге өзімен неке қиюға ұсыныс жасаған.
Ақтөбедегі мешітте бойжеткенге «бір реттік неке» ұсынған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды. 42 жастағы Талғат Ахметов әдепсіз әрекеті үшін жазалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адамға қатысты 449-бабының 2-бөлігі «қоғамдық орында тиісу» бойынша бейнежазба зерттелді, іс әкімшілік сотта қаралды.
Сотта құқық бұзушы сот отырысында кінәсін мойындады. Ол мешітте бейтаныс қызбен сөйлескенін, неке қиюға ұсыныс жасағанын айтты. Бірақ жыныстық сипатта ұсыныс білдіргенін жоққа шығарды. Ал жәбірленуші Наурызбаева ер адамды бұрын танымайтынын әрі оның неке қиюды ұсынғанын жеткізді.
Іс материалында Ахметовтың осыған дейін де әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін жауапқа тартылған анықталды. Сонымен қатар, оның мешіт қызметкері емес екені белгілі болды.