«Махаббатымыз сол жерден басталды»: Тоқтар Серіковтың бұрынғы жүрген қызы оның жазған хаттарын көрсетті
Тоқтар Серіковтың алғашқы махаббаты екеуінің сезімдері туралы айтып берді.
Әнші Тоқтар Серіковтың алғашқы махабаты өзіне жазған хаттарын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін "Бенефис шоу" бағдарламасының шығарылымдарының бірінде жұлдызды отбасы Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева қонақ болған. Сол жерде әншінің бұрынғы махаббаты өткені туралы сөз еткен.
"Тоқтар екеуміз 1990 жылы Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа бірге келгенбіз. Ол "Б" сыныбында оқыса, мен "А" сыныбында оқып, интернаттың нанын бөлісіп жеп, өстік. Тоқтар екеуміздің махаббатымыз сол жерден басталды. Республикалық олимпиадаларға бірге баратынбыз. Біздің махаббатымызды бүкіл мектеп, мұғалімдер білетін. Тоқтардың толассыз хаттары, толассыз әндерін сыныптастарымыз маған арналған деп ойлайтын", – деді Айгүл Көбекова.
Тоқтардың айтуынша, олар ұзақ қол ұстасып жүрмеген. Алғашқы махаббаты тік мінезді болған екен.
"Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмайсың. Малда ғана махаббат болмайтын шығар, адамның бәрінде махаббат бар. Бұл Айгүл Көбекова деген Қызылорданың қызы. Қарақат та танитын болуы керек. Айтыскер болатын. Айтарлықтай қол ұстасып, ұзақ жүрген жоқпыз. Бірақ хат жазғаным рас, оның мінезі тік еді, содан екеуміз жараспадық. Кейін күйеуге тиді. Менің әйелім түсінер, сенің жолдасың түсінбей қалмасын", – деді Тоқтар Серіков.