«Өзі бала әлі, бөпені қайтпек?»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Сымбат жүкті
Абай Бегейдің қызы өзінің жүктілігін көрсетіп, гендер-пати жасады.
16 жасында тұрмысқа шыққан әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат жүктілігін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол оқырмандарынан сүйінші сұрады. Жазуынша, ерлі-зайыпты ұл күтуде.
“It’s a BOY! Жүрегіміз лүпілдеп, көптен күткен сәт келді. Құдай бізге бір кішкентай батырды сыйлағалы тұр. Қуанышымызда шек жоқ. Жанымыздың бір бөлшегі – енді кішкентай ханзада. Сені тағатсыздана күтіп жүрміз! Сені көрмесек те жақсы көреміз”, – деп жазды Сымбат.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Бірі жас жұбайларды қолдап жатса, енді бірі Сымбаттың әлі де жас екенін еске салуда.
Олар «Сіздер үшін өте қуаныштымын», «Неге жылайсын кеше ғана шыққан адамсың, жап жас», “Медицинада оқиды, енді сабағы не болады”, “Өзі бала әлі, бөпені қайтпек?!”, “Қазіргі жастарда ұят жоқ, іштерін көрсетіп суретке түсе береді” деп жазды.