«Бір бүйрегін алып тастаған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген балалардың жағдайы белгілі болды
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберіп, артынша өзі секіріп кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды.
Павлодарда дәрігерлер көпқабатты үйдің терезесінен анасы лақтырып жіберген екі баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Отадан кейін кішісінің жүрегі тоқтап қалған. Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалған. Павлодар облыстық балалар ауруханасы мәліметінше, 30 шілдеде кешке кішкентай балаға ота жасалған. Баланың жағдайы нашарлауына және ішкі қан кетуіне байланысты дәрігерлер қатты зақымдалған сол жақ бүйректі алып тастауға мәжбүр болған.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр.
"Баланың жағдайы тұрақсыз. Ол механикалық тыныс алу аппаратына қосылған", - деп түсіндірді емдеу мекемесі өкілдері.