Семейде күйеуін көсеумен сабаған 36 жастағы әйел 3 жылға сотталды
Семейде әйел күйеуін көсеумен ұрамын деп сотталып кетті.
Семейде 36 жастағы әйел отбасылық жанжал кезінде күйеуін көсеумен ұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылар отасқанына 16 жыл толуына орай атап өткен. Ішімдік ішкен соң олар сөзге келіп қалып, әйел көсеумен күйеуінің басынан және денесінен ұрған. Жәбірленуші жарақат салдарынан ауруханаға жеткізілді.
Сот әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды. Алайда оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласы барын ескере отырып, жаза шартты түрде белгіленді. Әйел Затон аудандық пробация қызметінің бақылауына алынды.
“Сотталушыға жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді, сонымен қатар жұмысқа орналасуына көмек көрсетілдін. Ол жергілікті жеке кәсіпкердің біріне жұмысқа қабылданды", — деп мәлімдеді аудандық пробация қызметінің басшысы Ерлан Қыдырманов.