АҚШ президенті Трамп Қазақстанға қатысты баж салығы туралы жарлыққа қол қойды
Трамп Қазақстанға қатысты 25 пайыз көлемінде баж салығын енгізді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға қатысты баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Оның ішінде басқа да елдер бар, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы құжаттар Ақ үй сайтында жарияланған. Импорттық баж мөлшері 10-нан 41 пайызға дейін жетеді.
Дональд Трамп Қазақстанға қатысты 25 пайыз көлемінде баж салығын енгізді.
Айта кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялаған болатын. Мәселен ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады делінді.
АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдаған еді.