Бір жыл бойы әйел жүкті болмаса, бұл бедеулік – Салтанат Байқошқарова
Салтанат Байқошқарова бедеулік қай кезде белгілі болатынын айтты.
Профессор Салтанат Байқошқарова ерлі-зайыптыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, егер ерлі-зайыптылар бір жыл бойы қорғанусыз жыныстық қатынасқа түсіп, әйел жүкті болмаса — бұл клиникалық бедеулік саналады. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгініп, толық медициналық тексеруден өту керек.
«Бедеулік – әйелдің де, еркектің де мәселесі. Сондықтан отбасы бұл мәселеге бірлесе қарап, шешім қабылдауы қажет», – дейді профессор.
Мамандардың айтуынша, уақыт жоғалтпай, ерте диагностика жасау – ата-ана болудың негізгі кепілі. Қазіргі таңда ЭКО, ИКСИ сынды заманауи әдістер арқылы көптеген отбасы бала сүю бақытын кешіп отыр.