Қоғам

"Пәтерге кездесуге шақырған": әлеуметтік желіде екі қызбен танысқан жігіттер 800 мың теңгесінен айырылып қалды

екі қызбен танысқан жігіттердің басы дауға қалды.

Шымкент қаласының полициясы ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді: екі бойжеткен мен үш жігіт әлеуметтік желіде танысқан адамдарды бопсалап отырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, екі бойжеткен әлеуметтік желі арқылы жігіттермен танысып, олардың сеніміне кіріп отырған. Артынша оларды пәтерге кездесуге шақырып, олардың көңілін аулаған.

«Сол сәтте пәтерге баса-көктеп кірген бірнеше жігіт әлгі қыздардың ағасымыз немесе полиция қызметкерлеріміз деп жігіттерді ұрып-соққан. Оларды бопсалап, егер полицияның қолына түскісі келмесе ақша төлеулерін талап еткен», - деп хабарлайды полиция.

Сондай құрыққа ілінген бір жігіт 800 мың теңгесін беруге мәжбүр болған. Амалы таусылған соң полицияға арызданған. Соның арызы негізінде полиция ұйымдасқан қылмыстық топтың өзге де қылмыстарын әшкере еткен. Екі қыз бен үш жігіт қазір қамауда отыр.