Қостанай облысында 6-сынып оқушылары қатарластарын қыздырылған ас үй құралымен күйдірген
Қостаанй облысында 5 сынып оқушысына қатарластары қастандық жасаған.
Қостанай облысы Лисаков қаласында мектеп оқушылары 5-сыныпта оқитын қызды ыстық ас үй күрекшесімен (лопатка) күйдірген. Мұндай "ойынды" қыздар спирттік ішімдік ішкеннен кейін жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес 6-сыныпта оқитын қыздар металлдан жасалған ас үй күрекшесін газ плитасында қыздырып, ұйықтап қалған таныстарының аяқ-қолын және бетін күйдірген.
Қыздардың бұл әрекеті үшін олардың ата-аналары сот алдында жауап берді. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің денесінде жеңіл деңгейдегі дене жарақаттары барын растады. Сот жәбірленушіге келтірілген моральдық зиянды 1 миллион теңгеге бағалады.
Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ляззат Байгожинаның айтуынша, бұл сома екі ата-анадан 500 мың теңгеден өндіріледі. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа болашақта қажет болған жағдайда қосымша ем немесе жарақат салдарынан қажет болатын косметикалық операция шығындарын өндіру үшін сотқа жүгіну құқығы бар екенін түсіндірді.