Басты жаңалықтар

Елімізде педофилдерді химиялық кастрациялау ережелері өзгеруі мүмкін

Ер адамдарды кастрациялауға қатысты ережеге өзгеріс енгізілмек.

Қазақстанда химиялық кастрациялау ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынатын жобаның мәтіні жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі "Ашық НҚА" порталында шықты.

"Бостандыққа шығардан алты ай бұрын химиялық кастрация қолдану және жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірілмей мекеме әкімшілігінің материалдарын сотқа жолдау арқылы сот-медициналық психиатриялық сараптама тағайындау туралы түзету енгізілуде. Бұл сараптама олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлыққа бейімділігінің бар-жоғын анықтау үшін қажет", - делінген "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасында.

Еске салсақ, Қазақстанда химиялық кастрация 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық жасаған адамдарға қолданылады. Бұл — педофилия үшін сотталған, қамауда отырған немесе босатылуы тиіс адамдарға қатысты шара.