Басты жаңалықтар

Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев қайтыс болды

Тоқаев ғарышкер Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.