Қоғам

«Аптап ыстық +40°С-қа дейін жетеді»: 4 тамызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің кейбір бөлігінде аптап ыстық болып, басқа аймақтарда шаңды дауыл болады.

Синоптиктер 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жасап, еліміздің кейбір өңірінде найзағай, бұршақ, жел мен шаңды дауыл болатынын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Батыс аймақтарда аптап ыстық +40°С-қа дейін жетеді. Сондай-ақ, Қазақстанның көп бөлігінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

  • Солтүстік және орталық өңірлерде (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстары) тұман, найзағай, екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда.
  • Шығыс аймақтарда (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) – күн күркіреп, бұршақ жауып, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Кей өңірлерде түнде тұман түсіп, күндіз шаңды дауыл болады. Өрт қаупі өте жоғары.
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл жүруі мүмкін. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.
  • Батыс өңірлерде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) күн қатты ысиды: +35…+40°C. Кей аймақтарда найзағай мен бұршақ күтіліп отыр. Шаңды дауыл мен екпінді жел байқалады. Өрт қаупі әсіресе жоғары.