Денсаулық

«Буындар қатты ауырады»: Қытайда қауіпті вирус тарады

Қытайда масадан вирус тарап жатыр.

Қытайда қауіпті вирус тарап, ол бес мың адамнан табылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қытайдың Гуандун провинциясында вирусты 2800-ден астам адам жұқтырған. «Чикунгунья» дірілдек вирусы маса арқылы тарайды.

“27 шілде мен 2 тамыз аралығында Гуандун провинциясында чикунгунья безгегінің 2892 жаңа жағдайы тіркелді”, – деп жазды басылым.

Вирус жұқтырған адамның қызуы көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді асқынулар пайда болады.

“Індеттің алдын алудың ең тиімді амалы – тұрып қалған судан арылу, ересек масаларды өлтіру және маса шағудан қорғану”, – деді сарапшы.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзянкунь вирустың таралуы бақылауда екенін айтып және шетелдік туристер үшін ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

«Чикунгунья» вирусы Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Гватемала аймағында тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы арнайы ем жоқ екенін хабарлады.