Қоғам
Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті: іздеу басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 тамыз, 2025
- 251

Полиция жоғалып кеткен балалар үйінің екі тәрбиеленушісін іздестіру жұмысын бастады.
Алматыда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті. Қалалық полиция департаменті жоғалуына қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғады.
«Осыған дейін кәмелетке толмағандар бірнеше рет мекемеден кетіп қалып, әр жолы полиция қызметкерлерінің күшімен табылып, қайтарылған. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Алматыдағы №1 балалар үйінен 2009 жылы туған Белгородская Кристина Сергеевна мен 2010 жылы туған Черепанова Маргарита Даниловна 18 шілде күні таңғы уақытта шығып кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Қоғам
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025