Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)
ҰҚК көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталғанын растады.
Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады.
"ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алу күдігімен Көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.