Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Адвокат марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің тоқтағанын мәлімдеді.
16 жастағы Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.
«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған! Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», - деп жазды Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Талғарда 2024 жылы қазан айында 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Екі ай кейін Талғар маңынан Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлі денесі табылған болатын.