«Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған»: имам Баянның айтқан сөзі үшін көпшілікті “Maxi чайды” ішпеуге шақырды
Имам “Maxi чайды" ішпеуге байкот жариялады.
Дін өкілі Данияр Кенжеұлы белгілі продюсер Баян Алагөзованың “Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген мәлімдемесіне қатысты сыни пікірін білдірді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.
Имамның айтуынша, Баянның бұл сөзі тек дінді ғана емес, рухты жоққа шығару. Сол себептен ол көпшілікті продюсердің күйеуінің шығаратын “Maxi чайды” ішпеуге шақырды.
“Баянның “қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген сөзі жай ғана сауатсыздық емес, бүкіл ұлттың рухани тарихына қарсы жасалған соққы. Бір халықтың санасын мұқатуға, діни тұтастығын мазақ етуге бағытталған аса қауіпті мәлімдеме Қазақ ежелден мұсылман. Бұл — шежіреден шегеленген ақиқат. "Мұсылман болмағансың" деу — тек дінді емес тарихты, рухты жоққа шығару. Егер жүректегі иман тірі болса, Баянның сөзі титтей де салмақ салып, жанды түршіктірсе — “Maxi чайды” ішпеңдер. Байкот жариялаңдар”, – деп жазды Данияр Кенжеұлы.
Әлеуметтік желі қолданушылары имамның бұл әрекетін құп көрмеді. Керісінше, әйледерге қатысты қолданып жатқан қатыгездікке байкот жариялауға кеңес берді.
“Әйелдерді өлтіріп жатыр, балаларды зорлап жатыр, бірақ ол түк емес. “Қыздарды зорлағандарға неге байкот жарияламасқа?”, “Кәсіп аш, адамдарға жұмыс бер, пәтер алып бер, содан кейін сөйле” деп жазды олар.