Басты жаңалықтар

Қосшыда бес жастағы бала су арнасына құлап, қаза тапты

Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған.

Ақмола облысының Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Қайғылы жағдай 3 тамыз күні болған, – деп хабарлайды Kyn.kz сайты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған. Бала киіммен болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, «Нұра–Есіл» су арнасы — Нұра өзенінен Есілге су жеткізуге арналған стратегиялық маңызы бар гидронысан. Бұл канал елорда мен маңайындағы аумақтарды сумен қамтуға қатысады.