Басты жаңалықтар

Пойызға кешігіп қалған жағдайда билеттің жарты бағасын қалай қайтарып алуға болады

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеуге болатынын айтылды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясының өкілдері пойызға кешігіп қалған жолаушыларға билет құнының бір бөлігін қалай қайтарып алуға болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Компанияның баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, пойызға кешіккен жағдайда бірінші вокзалдағы билет кассасындағы кассирге хабарлау қажет. Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Бірақ мұны бір сағат ішінде орындау керек.

Қайтару рәсімін жүзеге асыру үшін жеке куәлік пен билетті ұсыну қажет. Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады

Билет құнын қайтару мөлшері мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.