Қоғам

Грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Грант иегерлерінің тізімі бүгін 7 тамызда шығады.

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатынын белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

“Құрметті достар, талапкерлер және ата-аналар! Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын”, – делінген министр жазбасында.