Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйелді баспалдақтан итеріп жіберді: Амантай қажы өз шындықты айтты

Әйелді баспалдақтан итеріп жіберді: Амантай қажы өз шындықты айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Амантай қажы өзіне қатысты айтылған ақпаратты жоққа шығарды.

Әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деп айыпталған Амантай қажы (Амантай Асылбек) оқиғаның мән-жайын өзі айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол желіде тараған видеоның шындыққа жанаспайтынын айтып, 15 тәулікке, 2 жылға сотталады деген ақпаратты да жоққа шығарды.

«Мені 15 тәулікке соттады деген өтірік. Мен ол спорт алаңына 50 жылдан бері барамын. Таңғы 6-да тұрамын, жаттығу жасаймын. Сол күні спорттық алаңға барғанда, Биғайша деген әйел ішіп алған, алдымнан шығып, мені құшақтады. Мен қолын қағып жібердім», – деді ол.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тараған болатын. Кейіннен Алматы ПД «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар