Қоғам

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Қырғызстан аумағында орын алған.

Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 19:03-те (Астана уақытымен) магнитудасы 3,1 жер асты дүмпулері тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматының оңтүстігіне қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстандағы елді мекендердің тұрғындары жер сілкінісін сезбеген.

Еске салсақ, 5 тамыз кешке Шымкент пен Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі болды. Оның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9-ға жетті.