Маңғыстау облысының әкімінен некесіз бала: әйел Нұрдәулет Қилыбайдың өз туған ұлын мойындағанымен, оған тегін бергісі келмейтінін айтты (ВИДЕО)
Ынташ Наурызбаева ұлының әкесінен алиментті толық өндіре алмағанын айтып, күйінді
Маңғыстау облыстық мәслихатының экс-депутаты Ынташ Наурызова әкім Нұрдәулет Қилыбайдың некесіз баласы барын айтқан болатын. Бүгін бұл іске қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Ынташ Наурызова Нұрдәулет Қилыбайдан некесіз туған баласына алимент төлемей жүргенін мәлімдеген болатын. Ал әкім ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
8 тамызда өткен сотқа Нұрдәулет Қилыбайдың өзі қатыспаған.
«ДНҚ бойынша әкелікті анықтау бойынша Нұрдәулет Қилыбайды сотқа берген болатынмын. Сот отырысының әділ болатынына сенген жоқпын. Біздің Маңғыстау облысының әкімінің осындай істерін көріп отырсыздар. Мұндай адам облысты басқаруға лайық емес деп ойлаймын. Қаншама айлар бойы шырылдап маған қалай заңсыз әрекеттер жасағандарын, баламның құқығын таптағандарын мен айтып келдім. Барлық толық дәлелмен алдарыңызда көрсетіп келдім. Өзінің баласына осындай жамандықтар істеген адам мені жылдар бойы жылатып келген адам халыққа жаны ашып, адамгершілік танытуы өзіне ұпац жинағаны деп ойлаймын», - деді ол.
Айтуынша, Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған баласын мойындаған, бірақ алиментті толық өндіре алмаған.
«Мен сотқа арыз-талап бергенде алимент мәселесі бойынша ғана бермедім. Ер адамдық қасиеті, адамгершілігі болса алиментке емес, тегінің берілмеуіне қарсы болуы керек қой. Мойындаймын менің ұлым өз тегімде болуы керек деп айтуы керек еді. Бірақ, ол алиментке қарсы болып отыр. Бізде әйел адам ақша құмар деп айтады ғой, бірақ бұл жерде ер адамның сондай екенін көруге болады. Мен ары қарай да маған жасалған заңсыздықтармен күресетін боламын», - дейді Ынташ Наурызова.