Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскеменде әйел күйеуін әкесіне байланысты болған жанжалдан кейін пышақтап өлтірді

Өскеменде әйел күйеуін әкесіне байланысты болған жанжалдан кейін пышақтап өлтірді
2016.weacom.ru
Қарт кісі төсектен тұрмай, тұрақты күтімге мұқтаж болған. Бұл жағдай қарияның күйеу баласының ашуына тиіп, ызасын тудырған.

БҚО-да мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының материалдарына сәйкес, облыс орталығының тұрғыны күйеуіне алты пышақ жарақатын салған. Марқұмның жүрегі, өкпе, бүйрек сынды өмір сүруге қажетті ағзалары ауыр жарақат алған.

Жеке үйде тұратын ерлі зайыпты дастарқан жайып, бірге ішімдік ішкен. Ерлі-зайыпты көңілді отырған кезде әйелдің төсекке таңылған әкесі бірнеше рет үлкен дәретін жіберіп қойған. Бұл жағдай күйеу баласының ашуын туғызып, ол айқай шығарады. Әйел әкесін жақтырмаған күйеуіне ашуы шығып, асхана пышағын алған. Күйеуін қуып жүріп пышақты алты жеріне терең етіп сұғып алған.
 

Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болды — пышақ жүрекке, бауырға, өкпеге және диафрагмаға зақым келтіріп, марқұмның іші қанға толған.

 Тергеу кезінде әйел төсек тартқан әкесін күтіп қажығаны, күйеуінің үнемі әкесін жақтырмай оны психологиялық қысымға алғаны осы қылмысқа себеп болғаны айтылды. Әйел қылмыс болған кезде полицияны өзі шақырып, бәрін айты берген. Бірақ сот барлық жағдайды тыңдап, әйелді 8 жылға соттап жіберді.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар