Түркияда тағы да жер сілкінді
Түркияның астанасы Анкарада жер сілкінісі болды.
Түркияда 11 тамыз таңертең Анкарада жер сілкінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Табиғи апат салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, Анкараның Этимесгут ауданында 3,2 баллдық жер сілкінісі тіркелген.
Жер сілкінісі 4,68 шақырым тереңдікте болғаны анықталған.
Айта кетсек, осыған дейін 10 тамыз күні кешке Түркияның Балыкесир провинциясында жер сілкінісі орын алды. Сынгыргы қаласында тұтас бір аудан қирап қалған. Бір адам қаза болып, 29 адам зардап шекті.