Басты жаңалықтар

«Денем жараға толы»: Жамбыл облысында өгей әке екі ағайындыны бес жыл бойы жұмысқа жегіп, мал бақтырған

Жамбыл облысында кәмелет жасқа толмаған екі бала ұзақ жылдар бойы құлдықта болған.

Жамбыл облысында Көктал ауылында кәмелетке толмаған екі ағайындыны өгей әкесі жұмысқа жегіп, зорлық-зомбылық көрсеткен. Қазіргі кезде терегу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Туыстары өгей әкеден бөлек, ауыл әкімі мен имамды да жауапқа тартуды талап етеді. Олар жергілікті шенеуніктер мен дін өкілдері жағдайдан хабардар болған, бірақ араласпағанын айтады.

6 тамызда Талас ауданы Көктал ауылының тұрғыны мал бағып жүрген үш баланың жоғалғанын айтып, полицияға хабарласқан. Келесі күні олар Алматыдан биологиялық әкесі мен нағашы әпкесінің қасында табылды. Кейін екі ағайынды Тараздағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған облыстық әлеуметтік орталыққа уақытша орналастырылды.

Анасының алғашқы некеден туған екі ұлы және тағы үш кішкентай баласы бар екені анықталды. Соттың шешімімен өгей әке екі айға қамауға алынды.

Балалардың үлкені 16 жастағы жасөспірім өзін бес жыл бойы қамшымен ұрып, мал бақтыруға мәжбүрлеп келгенін, телефонын тартып алғанын айтты.

«Бес жыл бойы қорлық көрдім. Денем жараға толы. Әкеме барғым келді, бірақ анам үндемейді. Егер бізге көмектеспесе, біріміз өлеміз», — дейді ол.

10 жастағы інісі Ұзақбай әлі күнге дейін сандарды білмейді және есеп шығара алмайды. Балалардың нағашы әпкесінің сөзінше, Көктал ауылдық округінің әкімі мен жергілікті имам жағдайдан хабардар болған, бірақ ешқандай шара қолданбаған.

«Талдау нәтижелері зорлық-зомбылық фактілерін растады. Бірақ анасы азаматтық күйеуінің жағында. Әкім де, мешіт имамы да үйге барып жүрген. Оның орнына балаларды қорғау керек еді. Студент ретінде тіркелгенімен, бұл тек қағаз жүзінде. 120 мың теңгелік стипендияны өгей әке алып отырған. Мұғалімдер де, көршілер де білген, бірақ үндемеген», — дейді туысы.

 Оның айтуынша, балалар қазір кризистік орталықты. Бірақ ешқандай көмек көрсетілмеген. Тергеушілер де жазаны жеңлдетуге тырысқан.

16 жастағы ағасы президенттен көмек сұрап, кішкентай інісін балалар үйіне бермеуді өтінді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен оның орынбасары басқаратын жұмыс тобы құрылып, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Полиция өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын және кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылықтың қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.