Қоғам

Қостанайда ер адам досының баласын зорлады: тың мәлімет пайда болды

Ер адам жасөспірімді үйде ешкім жоқ кезде зорлаған.

Қостанайда досының баласын зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол Ресейге қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

«Қаскүнем 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген. Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.

Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

Өткен жылы ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Ер адамға он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.