Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтардың Конституция күнінде қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтардың Конституция күнінде қанша күн демалатыны белгілі болды
Сурет: qaz-media.kz
Тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді.

Тамыз айында қазақстандықтар Конституция күніне орай бір күнге артық демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Конституция күні — Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күні ел 1995 жылы қабылданған, мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін айқындайтын негізгі заңды атап өтеді. Мереке жыл сайын 30 тамызда тойланады.

Бес күндік жұмыс аптасында істейтіндер үшін Конституция күні қосымша демалыс беріп, үш күндік уик-энд өткізуге мүмкіндік жасайды. 2025 жылы 30 тамыз сенбі күніне түсетіндіктен, «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге — 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Жалпы алғанда, бес күндік жұмыс аптасында тамыз айында 10 демалыс күні болады. Яғни, 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек — демалыс күндері.

Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер де 30 тамызда қосымша демалыс күнін пайдалана алады. 30 және 31 тамыз — демалыс күндері, 1 қыркүйек — жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тамыз айында барлығы 6 күн ғана демалады.

Конституция күнінен бөлек, тамыз айында Қазақстанда бірқатар басқа да маңызды даталар аталып өтеді:

         •        18 тамыз — Шекарашы күні;

         •        18 тамыз — Спорт күні;

         •        29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;

         •        31 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) — Шахтер күні.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар